Кәсіптер қаласына бару ережелері
01. KIDBURG кәсіптер қаласы 4 пен 14 жас аралығындағы балаларға арналған.
02. 7 жасқа дейінгі балалар жоба аумағына тек 18 жастан асқан ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен жіберіледі
03. Мүгедектігі және (немесе) даму, денсаулық жағдайы не мінез-құлқына байланысты ерекшеліктері бар, жобаға бару кезінде қосымша көмек немесе сүйемелдеу қажет болуы мүмкін балалар KIDBURG аумағына тек 18 жастан асқан ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен жіберіледі. Баланы ертіп жүрген ересек адам жобаға барудың бүкіл кезеңінде баланың қауіпсіздігі мен әрекеттеріне жауапты болады
04. Бала жоба аумағынан шыққан жағдайда оның билеті жарамсыз деп танылады. Сол билетпен қайта кіруге рұқсат етілмейді.
05. Кейбір ойын аймақтарында, кәсіптер мен белсенділік түрлерінде жас шектеулері, қатысушылар санына қойылатын шектеулер болуы немесе олар белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуі мүмкін
06. Жеңілдік алу үшін KIDBURG-ке кірер алдында кассада жеңілдікке құқығыңызды растайтын құжатты көрсету қажет. Жеңілдік құжаттың түпнұсқасы немесе оның ресми электрондық нұсқасы болған жағдайда ғана қолданылады. Растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда жеңілдік берілмейді және келу құны стандартты тариф бойынша төленеді.
07. Өзін жайсыз сезінген, дене қызуы көтерілген, жұқпалы ауру белгілері байқалған немесе баланың не басқа қонақтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін өзге де жағдайлар болған кезде KIDBURG-ке келу ұсынылмайды.
08. Келушілер KIDBURG аумағында тәртіп сақтау ережелерін орындауға, қызметкерлердің нұсқауларын орындауға, жабдықтарға, реквизиттерге, жиһазға және жоба мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті
«Жасыл Жұма» акциясының ережелері
01. Акция тек 4 пен 14 жас аралығындағы балаларға арналған
02. Билет тек сатып алу кезінде таңдалған күні және акцияның өткізілу уақыты — 18:00-ден 20:00-ге дейін жарамды.
03. 7 жасқа дейінгі балалар жоба аумағына тек 18 жастан асқан ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен жіберіледі
04. Мүгедектігі және (немесе) даму, денсаулық жағдайы не мінез-құлқына байланысты ерекшеліктері бар, келу кезінде қосымша көмек немесе сүйемелдеу қажет болуы мүмкін балалар KIDBURG аумағына тек 18 жастан асқан ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен жіберіледі
05. Қосымша еріп жүрушіге арналған билет бөлек сатып алынады
06. Бала жоба аумағынан шыққан жағдайда билет жарамсыз деп танылады. Сол билетпен қайта кіруге рұқсат етілмейді
07. Келушілер KIDBURG аумағында тәртіп сақтау ережелерін сақтауға және қызметкерлердің нұсқауларын орындауға міндетті